Home Басты жаңалық Дариға Назарбаева Сенат спикері болып сайланды

Дариға Назарбаева Сенат спикері болып сайланды

Дариға Назарбаева Сенат депутаттарының жасырын дауыс беруі арқылы Сенат спикері болып сайланды, – деп хабарлайды baq.kz.

Бұған дейін, ол Сенаттың Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда туған, білімі жоғары. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы тарихшы, тарих және қоғамтану оқытушысы.

Саясат ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты.

Мәжіліс төрағасының орынбасары, Премьер-министрдің орынбасары, Парламент Сенатының депутаты болды.

«Парасат», екінші дәрежелі «Барыс», Француз Республикасының өнер және әдебиет ордендерімен, «Нұр Отан» ХДП «Белсенді қызметі үшін» медалімен, ҚР Конституциялық Кеңесінің «Конституциялық заңды нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Check Also

Ақтауда кішкентай қызды көліктен итеріп құлатқан өзінің ағасы болып шықты (видео)

Ақтауда оқушы қызға дөрекілік көрсеткен ер адамның әрекеті көпшіліктің наразылығын туғызды…