Алматы әкімдігі тұрғын үйге мұқтаж жандардан өтінім қабылдауды бастады

Алматы қаласының әкімдігі, 2019 жылғы 11 және 15 наурыз аралығында бюджеттік несиелеу бойынша «Бақытты отбасы» www.baqytty-otbasy.kz өтінімдерді қабылдау сайты (бұдан әрі — Портал) негізінде, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді, тұрғын үйге мұқтаж және мұқтаждар есебінде «Көп балалы отбасы» санатымен тұрған азаматтардан «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – «ТҮҚЖБ» АҚ) арқылы өтініштер мен құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.

«Бақытты отбасы» тұрғын үй қарызын беру үшін бюджеттік несиелеудің щарттары

  • «ТҮҚЖБ» АҚ-да қарыздың сомасы –15 млн. теңге;
  • Бастапқы жарна – тұрғын үй бағасынан 10%;
  • Несиенің пайыздық мөлшерлемесі – жылдық 2%;
  • Сатып алатын тұрғын үй – бастапқы нарықтағы тұрғын үй;
  • Сатып алатын тұрғын ұй бағасы – шектеусіз.

Өтініштерді және құжаттарды беру портал арқылы жүзеге асырылады. Авторизация электрондық цифрлік қолтаңба арқылы жүргізіледі. Оны ХҚКО-дан алуға болады.

Тұрғын үйді Қатысушылар пайдалануға жаңадан енгізілген тұрғын үй кешендерінен бастапқы нарықта өз еркімен таңдайды.