Home Мәдениет Аида Балаева «Алпамыс батыр» жырынан жатқа үзінді оқып берді (ВИДЕО)
Мәдениет - 01.12.2018

Аида Балаева «Алпамыс батыр» жырынан жатқа үзінді оқып берді (ВИДЕО)

Қазақстанда «Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық жобасының аясында «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқу эстафетасы жалғасын табуда. Осы уақыт аралығында бұл шараға Ақпарат министрлі Дәурен Абаев, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері қатысып, жырдан үзінді оқып, ұлттық құндылықты насихаттауға үлестерін қосты.

Аталмыш эстафетаны жалғастырған ҚР Президенті әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева жалынды жырды жатқа айтып, көпшілікті сүйсінтті.

Бұл туралы newsasia.kz ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлады.

«Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық жобасының аясында «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқу эстафетасын Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевтан алған ҚР Президенті әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева эстафетаны Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке жолдады.

Check Also

Жалақы өсіруге 144 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді

Биыл елде азаматтық қызметкерлердің жалақысын өсіруге 144 млрд теңгеден астам қаржы бөлінд…