Home Қоғам Жазушылар жанжалы: Мұхтар Шахановты «Шакалов» деп атаған кім?
Қоғам - 12.03.2018

Жазушылар жанжалы: Мұхтар Шахановты «Шакалов» деп атаған кім?

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан жазушыларының құрылтайы өтті. Жиынға ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысып, Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың құттықтауын оқыды, – деп хабарлайды newsasia.kz

Жиын барысында зиялы қауым өкілдерінің пікірталасы жанжалға ұласып, соңы әдеттегідей дау-дамаймен аяқталды.

Мәселен, құрылтайда сөз алған белгілі ақын Мұхтар Шаханов одақты 22 жыл басқарған Нұрлан Оразалиннің жеке басына тиісті.

– Оразалин ұлттық мүддеге келгенда Қоразалин болды. Тауықәлин, Шөжалиннің деңгейінде самғады. Ол биліктегі басшылардың туфлиін шеберлікпен жалады. Оның еңбегі сол. Бұл да қазіргі заманда үлкен өнер,  – деді Мұхтар Шаханов.

Нұрлан Оразалин өз кезегінде барлық сынға жауап берді.

– Жиналысқа келмей сырттан тон пішу өзін Жазушылар одағынан жоғары қоятын ұлылықтың ауруымен ауырған адамдардың ғана қолынан келетін нәрсе. Ұйқасты мен де сізге айтайын. Маған екі-үш жыл бұрын «Шаханов, Шакалов» деген хат келді. Сіздер елді сыйлаңыздар, ағайын. Менің әкемде, менің атамда, менің талантымда ешқайсыңыздың шаруаларыңыз болмасын. Осы менің екі ағама берген жауабым, – деді Нұрлан Оразалин.

Бірнеше сағатқа созылған жанжалдың соңында одақ басқармасының мүшелері жаңа төрағаны сайлады. Нәтижесінде, көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулеттің кандидатурасы бір ауыздан мақұлданды.

Check Also

Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn’t Leave («Кете алмаймын») атты әні жарық көрді, ол Қыт…