Home Қоғам Жас ақын Назарбаевты «Қазақстандық Құдайға» теңеді
Қоғам - 10.03.2018

Жас ақын Назарбаевты «Қазақстандық Құдайға» теңеді

Атышулы жас ақын Балтабек Нұрғалиев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты «Қазақстандық Құдайға» теңеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды newsasia.kz.

Оның «Қазақстандық Құдайым» деп аталатын туындысы желіде үлкен дауға айналды.

Райымбектей рақымды бола білген ылайым,
Нұр-Атамды мен ғажап Әулие деп ұғайын.
Қабыл алған халқының армандарын, мұратын,
Ерен тұлға Елбасы – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰДАЙЫМ! – деп жазды жас ақын өз одасында.

Еске сала кетейік, осыған дейін Нұрғалиев Елбасы мен оның ата-анасының есімдерін Ата Заңға енгізу туралы жыр жазып желіні бір шулатса, оған дейін Дариға Назарбаеваға ода арнап, сонымен бірге, Сара Назарбаеваны бар қазақтың анасына теңеген болатын.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…