Алматылық ер адам қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа Сейфуллин даңғылының бойындағы жезөкшелер туралы шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Сағынтаевтың қаланың төменгі бөлігін аралауы барысында Түркісіб ауданының тұрғындарының бірі Сейфуллин даңғылының бойындағы жезөкшелер туралы шағымданды. Ол полиция жұмысының нәтижесіздігін айтты.

Өз кезегінде қала әкімі қалалық полиция департаментінің басшысына даңғылды жезөкшелерден тазартуға тапсырма бергенін жеткізді.

«Егер нәтиже болмаса, демек олардың күресіп жатпағанын аңғартады. Демек қамқоршылық жасайды. Бүгін полиция департаментінің басшысы тазартуды бастауы керек. Егер түнде, ертең, бүрсігүні жезөкшелер пайда болса, маған жазыңыздар», – дейді қала басшысы.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…