Жамбыл облыстық полиция департаменті полицейдің өртелген денесі табылғаны туралы деректі растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейдің денесі 5 шілдеде Шу ауданында табылған.

«Жәбірленушінің тұлғасы анықталды. Ол полиция қызметкері болған. Хирургиялық ота жасатуына байланысты, 2019 жылдың 16 мамырынан бері денсаулығына байланысты еңбек демалысында болған», – делінеді полиция хабарламасында.

Сонымен қатар ведомстводағылар қылмысты ашу мақсатында ІІМ мен Жамбыл облыстық полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылғанын мәлімдеді.

ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағына (Кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ішкі істер министрлігі істің тергелуін айрықша бақылауға алды.

Еске сала кетсек, бұған дейін БАҚ-та полиция қызметкерін пышақтап, өртеп жібергені туралы ақпарат тараған еді.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…