Биыл елде азаматтық қызметкерлердің жалақысын өсіруге 144 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды.

Мысалы бұған дейін жоғары білімді, 2 жыл жұмыс өтілі бар жоғары санатты әлеуметтік қызметкердің жалақысы 81 830 теңгені құраса, 1 маусымнан бастап ол – 98 961 теңге болады. Осылайша, жалақы өсімі 17 130 теңге немесе 21% құрайды.

Тағы бір мысал, 5 жыл жұмыс өтілі бар санаты жоқ арнайы орта білімі бар тәрбиешінің жалақысы бұрын 58 984 теңгені құраса, 1 маусымнан бастап 76 114 теңгеге көбейеді. Өсім – 17 130 теңге немесе 29%.

Жалақыны арттыру денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1,1 миллион азаматтық қызметшілерге қатысты.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…