Home Қоғам Ұзынағашта сүйіктісімен ренжіскен жігіт қыздың отбасын қырып салды
Қоғам - 27.03.2018

Ұзынағашта сүйіктісімен ренжіскен жігіт қыздың отбасын қырып салды

Алматы облысындағы жер үйлердің бірінен үш бірдей әйелдің мәйіттері табылды. Олар айуандықпен өлтірілген деп жазады Казинформ.

Жантүршігерлік қылмыс Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылында 25 наурыз күні болған. Қайтыс болған әйелдердің бәрі бір отбасының мүшелері: 88 жастағы әжей, оның 51 жастағы қызы және 24 жастағы жиен немересі. Қылмыскер оларды бауыздап тастаған.

Көршілерінің айтуынша, 24 жастағы бойжеткен Алматы-2 станциясындағы теміржол кассасында жұмыс істеген. Алдын ала болжам бойынша, ол 22 жастағы жігітімен ұрысып қалған екен. Махаббатта жолы болмаған жігіт оның үйіне келіп, үшеуін де өлтіріп тастаған. Кейін қылмысты жасырғысы келді ме, өзіне де бірнеше пышақ жарақатын салып, дәрігерлердің көмегіне жүгініпті.

Қазіргі таңда бұл қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Check Also

Шыдамдылық пен ұстамдылықты балалардан үйренуіміз керек – омбудсмен Айтпаева

2019 жылы 16 мамырда Сенат депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі …