ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау халқымен кездесті, деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі. Кездесу барысында Мемлекет басшысы әкімдер мен министрдің бюджет қаржысын тиімсіз пайдаланатынын айтты.

«Біздің кейбір әкімдеріміз бен министрлеріміз бюджетке «таусылмайтын қоржын» ретінде қарайды. Бізде тиімсіз шығындар көп, – деп келтірді Тоқаевтың сөзін Ақорданың твиттердегі парақшасында.

Сонымен қатар, Президент шағын және орта бизнеті дамыту бойынша қажетті қолдау көрсету қажеттілігін де атап өтті.

«Адал еңбегімен табыс табатын кәсіпкер – мемлекеттің тірегі. Ол халықты жұмыспен қамту арқылы әлеуметтің әл-ауқатын арттыруға үлес қосады. Сондықтан, шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолдау көрсету қажет», – деді Қ.Тоқаев.

Check Also

Ақтауда кішкентай қызды көліктен итеріп құлатқан өзінің ағасы болып шықты (видео)

Ақтауда оқушы қызға дөрекілік көрсеткен ер адамның әрекеті көпшіліктің наразылығын туғызды…