Home Саясат The Telegraph: Дубай ханшайымы із-түссіз жоғалып кетті
Саясат - 08.12.2018

The Telegraph: Дубай ханшайымы із-түссіз жоғалып кетті

Дубай билігі із-түссіз жоғалып кеткен Латифа бен-Мактум ханшайымның ісіне қатысты түсініктеме берді. Әмірлік таратқан ақпаратта ханшайымды француз тыңшысы ұрлап кетпек болғаны және қазіргі уақытта ханшайымның аман-есен үйге оралғаны туралы айтылған.

Бұл туралы newsasia.kz ақпарат агенттігі The Telegraph басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның жазуынша, Дубай әмірінің қызы әлеуметтік желіде әкесін айыптаған бейнежазба қалдырып, француз азаматы Эрве Жобермен бірге Оман мемлекетінің шекарасын кесіп өткен. Ханшайым мен француз азаматын Әмірліктің әскери кеме қызметкерлері Үнді мұхитынан ұстап алған.

Қазіргі уақытта Латифа бен-Мактумның әлеуметтік желідегі барлық аккаунттары бұғатталған.

Сондай-ақ, Дубай ханшайымы өзінің соңғы бейнежазбасында әкесін әлемдегі ең жауыз адам деп атағаны туралы жазады The Telegraph.

Дубай Корольдің соты болса, француз тыңшысы ханшайымды қасақана ұрлап кетіп, әмірліктен 100 млн доллар талап еткенін мәлімдеді.

Check Also

Асқар Мамин: Жұмысшылардың құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу керек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлері…