Home Қоғам Шымкентте жезөкшеге таласқан жігіттер жаға жыртысты (ВИДЕО)
Қоғам - 07.04.2018

Шымкентте жезөкшеге таласқан жігіттер жаға жыртысты (ВИДЕО)

Жезөкшелерге таласқан ер азаматтар бір бірін қан жоса етті. Айбергенов көшесінің тұрғындары тәнін саудалаушылардың ерсі қылықтарынан әбден шарашаған. Оларға келетін клиенттердің боқауыз сөздерін балалар да жаттап алды деп ашынып отыр.

Бұл туралы ТВК телеарнасы хабарлады.

Ашуға булыққан тұрғындар, күнделікті у-шудан шаршаған. Айтуларынша, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалған. Тіпті, түнгі көбелектермен арпалысып жүріп, денсаулықтары да сыр берген. Тұрғындар талай рет тәртіп сақшылары арыз жазсада, бұл мәселе шешілген емес.

Күндікке пәтер жалдаған қаракөз қыздар, күніне бес алты ер адамды қабылдайтын осындағы көршілер жақсы біледі. Кей күндері тәнін саудалаушыларға таласып қалатын жағдайларда болып тұрады екен. Ал ұрыс керістің соңы төбелеске ұласады.

Бұдан бөлек аула мен подезьдегі тазалықта санитарлық талапқа сай келмейді. Жан жаққа шашылған спирттік ішімдіктің бөтелкелері мен темекі қалдықтары үйіліп жатыр. Бұл көрініске еті үйренген тұрғындар, тазалықтан бұрын тыныштықты реттеп алуды қалайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Айбергенов көшесіндегі өзге үйлерде рейдтік жұмыстар жүргізілген болатын. Соған қарамастан, тәнін сататындардың қатары азаймай отыр. Осылай деген тұрғындар құзырлы орган өкілдерінен әбден көңілі қалған.

Check Also

Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn’t Leave («Кете алмаймын») атты әні жарық көрді, ол Қыт…