Белгісіз біреулер Шымкенттің ықшам ауданындағы «Сергек» камераларын өртеп жіберді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Данат Жумин мәлімдеді, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Шенеуніктің сөзінше, оқиға былтыр орын алған. Аталмыш факт бойынша полиция тергеу амалдарын бастаған.

«Жергілікті көлік жүргізушілер осылайша біздің жолдағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған бастамамызға қарсылықтарын білдірген шығар. Жақында осы аудан тұрғындарының ұжымдық хаты түсті бізге. Олар тезірек камера орнатуды сұрауда. ЖКҚ өрескел бұзатын жүргізушілер кесірінен бірнеше адам мерт болғанын айтуда», – деп жазды Жумин өзінің Facebook парақшасында.

Check Also

Ақтауда кішкентай қызды көліктен итеріп құлатқан өзінің ағасы болып шықты (видео)

Ақтауда оқушы қызға дөрекілік көрсеткен ер адамның әрекеті көпшіліктің наразылығын туғызды…