Home Басты жаңалық Шымкент тұрғыны Киев әуежайында кішкентай қызды өлімнен аман алып қалды

Шымкент тұрғыны Киев әуежайында кішкентай қызды өлімнен аман алып қалды

Алексей есімді Шымкент тұрғыны Киев әуежайында кішкентай бүлдіршінді өлім аузынан аман алып қалды. Бұл туралы оқиғаның куәгері болған Мехрибан Бакиева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Кішкентай қыз тамақ ішіп отырып қақалып қалған. Өңешінде тамақ тұрып қалған бала сол сәтте жерге құлап дем ала алмай қатты қиналған. Айналадағы адамдар абыр-сабыр боп, жедел жәрдемге хабарласқан.

Сол уақытта жас жігіт қыз балаға дереу көмек көрсетіп үлгерген. Сәл болмағанда қайғылы жағдай орын алар еді, – деп жазады желі қолданушысы.

Сәбидің өмірін құтқарып қалған Алексей есімді азамат Шымкент тұрғыны болып шықты.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…