21 шілдеде Шымкентте әкесін іздеп сыртқа шыққан үш жасар қыз аулада талып қалып, қайтыс болды. Қайғылы жағдаймен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті, – деп хабарлайды Stan.kz.

Шымкент әкімінің жазбасында Кәусәр есімді кішкентай қыздың көшеде қалай есінен талып қалғаны жазылған. Үш жасар бала әкесінің қасына барғысы келіп, көршісімен бірге қоршаудан секіріп өтпекші болады. Кәусәрді жетектеген көршісі оны қолынан түсіріп алғанда, қыз бала есінен танып қалады. Мұны көрген көршісі көмекке шақырудың орнына Кәусәрді тастап, қорқып қашып кеткен екен.

«Қылмыс жасаған азаматқа қатысты іс қозғалып, қамауға алынған. Ол сөзсіз жауапқа тартылады. Іс-сапардан келісімен оқиға орнына барып, мән-жайдың барлығын анықтадым. Кәусарға қатысты ешқандай зорлық жасалмаған. Кәусардың ата-анасына көңіл айттым, сындарлы сағатта бекем болуға шақырдым. Кәусардың жатқан жері жарық болып, Алла алдынан жарылқасын! Әр бала біз үшін қымбат», — деп жазды Әбдірахымов.

Сонымен қатар, әкім сәби үшін үлкендердің әрқайсысы жауапты екенін айтып, балаларды сағат сайын бақылап, қадағалап жүруге шақырды. Ол әкімшілік және қала полициясы тиісті жұмыстарды күшейтетінін,  бүгін, яғни 24 шілдеде осы мәселе бойынша арнайы жиналыс өткізіп, тапсырма беретінін ескерді.

Өз кезегінде желі қолданушылары «Әкім осындай болу керек. Жарайсыз», «Өте жақсы адамсыз», «Сіз сияқты азаматтарымыз көп болсын», деп Кәусәрдің жанұясына көңіл айтқан Әбдірахымовқа жылы лебіздерін білдірді.

Check Also

Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn’t Leave («Кете алмаймын») атты әні жарық көрді, ол Қыт…