28 маусым күні таңғы 8.00-ден бастап Арыс қаласының тұрғындары үйлеріне оралды. Таңғы 6-дан бастап шаңырағына оралғысы келетін адамдар эвакуациялық орталықтардан жолға шықты, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда коммуналдық қызмет тарапынан Арыста жарық және сумен жабдықтау жүйелері іске қосылды.

Сондай-ақ, Арыс теміржол бекетінен барлық бағытқа пойыз қатынай бастады.

Тұрғындары енді оралған қалада ветеринарлық қызмет өлген жануарлардың өлексесін іздеп, оны жою және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.

2019 жылғы 27 маусымнан бастап денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің 155 маманы мен 22 бірлік техникасы 41 нысанда тексеру және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді.

Тағы бір атап өтерлігі, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бір ай Арыс қаласында тұрып, жағдайды өз бақылауында ұстайтынын айтып, уәде берген екен. Бұл туралы әкімнің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов мәлімдеді.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…