Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мемлекеттік жәрдемақыны заңсыз алатындардың жазаға тартылатынын айтты, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Министрдің айтуынша, үйде жұмысқа қабілеті бар адам болса, міндетті түрде жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты мемлекеттен жәрдемақы алатын азаматтармен әлеуметтік келісімшарт жасалады. Оған сәйкес, белгілі бір уақыттың ішінде жұмысқа қабілетті отбасы мүшелеріне жұмыс ұсынылады. Сол бойынша жұмысқа тұру қажет. Алайда мемлекеттік жәрдемақы алғысы келетін ерлі-зайыптылар ажыраса салады. Сөйтіп, төмен табысты көрсетуге тырысады.

«Бүгінде ерлі-зайыптылар төмен табысты көрсету үшін ажырасады. Күйеуім жоқ, алимент төлемейді, мен өзім жұмыс істемеймін дейді. Негізінде, біз олардың бірге тұратынын білеміз. Мен күйеуің бар ғой десем, ол анда-санда келіп-кетіп тұрады дейді. Ол келіп-кетіп тұрса, ақша беруі керек қой. Өзінің баласына ақша бермей ме?», – деді Сапарбаев журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ажырасудың көрсеткіші 7 процентке артқан. Осыған байланысты құзіретті мемлекеттік органдармен бірлескен тексеріс жұмыстары басталып кетті.

«Ондай отбасыларға қатысты міндетті түрде шара қолданылады. Айыппұл да болады. Атаулы әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтатамыз. Осы сияқты шаралар қолға алынады», – деді Сапарбаев.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…