Алматы қаласының жуырда тағайындалған жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаев Бостандық ауданын аралау барысында Тұңғыш Президент саябағындағы субұрқақты жөндеуге тапсырма берді, деп жазады qamshy.kz «Алматы» арнасына сілтеме жасап.

Телеарна хабарлағандай, аталмыш субұрқақты жөндеуге 470 миллион теңгеге жұмсау көзделген.

Саябақ 2010 жылы қолданысқа берілген. Ал күрделі жөндеуден 5 жыл бұрын өткізілді. Соңғы уақыттарда субұрқақтың жұмысы нашарлап барады. Арнайы мамандардың айтуынша, субұрқақтың барлық бөлігін ауыстыру қажет.

«Бұл – қала тұрғындарының жақсы көретін, көп қыдыратын орыны. Ал субұрқақ – саябақтың көркін асыра түсетін дүние. Бұл жерде әрдайым субұрқақ атқылап, музыка ойнап тұратын. Қала тұрғындарына осындай сұлулықты қайтару үшін әкімшілік қаражат бөлді. Менің ойымша, келесі жылы субұрқақ қайтадан іске қосылады», – деді «Eco Almaty» ЖШС басшысы Жанна Асанова.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…