Ресей Федерациясының әуе-ғарыш күштері Қазақстанның Сары-Шаған полигонында зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің (ЗҚЖ) жаңа зымыранын сәтті сынақтан өткізді, – деп хабарлайды sputniknews.kz.

Сары-Шаған сынақ полигонында әуе-ғарыш күштері әуе шабуылына және зымыранға қарсы қорғаныс әскерінің жауынгерлік есептобы ресейлік зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің (ЗҚЖ) жаңа зымыранын кезекті сынауды сәтті аяқтады, деп хабарлады РФ қорғаныс министрлігінің ресми порталы.

Зымыранды ұшыру сынағының видеосы Ресей қорғаныс министрлігінің YouTube-тегі аккаунтында жарияланды.

Әуе-ғарыш күштері әуе шабуылына және зымыранға қарсы қорғаныс әскерінің қолбасшылық өкілі Павел Кузьмин шара барысында «ЗҚЖ жүйесінің жаңа зымыраны бірнеше рет сынақтан өткізілгеннен кейін сипаттамасында көрсетілген мәліметтерді растағанын және жүктелген міндетті сәтті орындағанын» атап өтті.

ЗҚЖ жүйесі әуе-ғарыш шабуылы құралдарының соққысынан қорғану мақсатында жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл бір жазда Сары-Шаған сынақ полигонында Ресей қорғаныс министрлігі өткізген ЗҚЖ жүйесінің  екінші зымыран сынағы.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…