ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ресми сайтында сайлауалды тұғырнамасын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұғырнама «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» деп аталады.

Аталмыш құжатта Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлауда жеңіске жетіп, Мемлекет басшысы болған жағдайда қандай саясат ұстанып, елде қандай реформалар жүргізетіндігі жөніндегі мәліметтер көрініс тапқан. Бағдарламада елдің ішкі және сыртқы саясатына, сондай-ақ  экономика және әлеуметтік саласына қатысты мәселелер толық қамтылған.

Тұғырнама Сабақтастық, Әділдік, Өрлеу атты үш бағыттан тұрады.

Айта кетейік, ҚР кезектен тыс Президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған. Кеше кешкі сағат 18:00-ден кейін Қазақстанда сайлау алдындағы үгіт-насихат шаралары басталды.

Check Also

Асқар Мамин: Жұмысшылардың құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу керек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлері…