Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берді, – деп хабарлайды stan.kz.

Министрдің жауабы айтылған видеоны журналист Ерғанат Көпжасар парақшасында жариялады.

Қорғаныс министрі Арыстағы әскери бөлім мен арсеналды көшіруге қанша ақша жұмсалатыны жөнінде айтты. Ермекбаевтың айтуынша, әлі нақты сома шықпаған. Қазір есептеу жүріп жатыр. Бірнеше миллирд теңге жұмсалуы мүмкін.

Журналистің бірі министрге «Арыста болған жайтқа қатысты халықтан кешірім сұрайсыз ба?» деген сауал қойды.

«Бұл кінәлі жағдай емес. Бұл табиғи нәрсе. Арсеналдың өзіндік қауіптері болады. Сондықтын әзірше кешірім сұрайтын жағдай көріп тұрған жоқпын», – деді министр.

Айта кетейік, қалада жарылыс дыбыстары естілетін болады: Арыста әскерилер оқ-дәрі бөлшектерін жоюды бастады.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…