Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Бирмингем турнирінде әлемнің 1-ракеткасы, жапониялық Наоми Осаканы ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемдік рейтингте 43-орында тұрған қазақстандық спортшы қарсыласын екі партияда қапы қалдырды. Бірінші сет 6:2 есебімен бітсе, екіншісі 6:3-пен тәмамдалды. Бәсеке 1 сағат 7 минутқа созылды.

Путинцева Осаканы өзара кездесуде осымен екінші рет жеңіп отыр. Қазақстандық теннисші жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асатын турнирдің жартылай финалына шығу үшін осы жарыстың сегізінші, әлемнің 19-ракеткасы, германиялық Юлия Гергес немесе рейтингте 76-сатыдағы ресейлік Евгения Родинаның біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Бирмингемде әлемнің 1-ракеткасымен кездесетінін, ал Михаил Кукушкиннің Лондон жарысын ерте аяқтағанын жазған болатынбыз.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…