Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет Бангкокта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалында түрікменстандық Нурсахат Паззыевті 20 секундтың ішінде жеңді, – деп хабарлайды sputniknews.kz.

75 килограмм салмақта жұдырықтасатын отандасымыз қарсыласының мұрнын сындырды, дәрігерлер оған кездесуді жалғастыруға рұқсат бермеді.

Жекпе-жектің видеосы instagram-дағы @prof_kz_tukeshov парақшасында жарияланды.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…