ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, бірқатар келелі мәселелерге қатысты тапсырмалар берді, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Отырыс барысында Мемлекет басшысы жердің шетелдік азаматтарға сатылмайтыны туралы мәлімдеді.

«Ауыл шаруашылығына қолайлы жерлерді тиімді қолдану жолын күшейту және нормативті қарау керек. Жер ол мекенде жұмыс істейтін адамдарға тиесілі болу керек», – деді Тоқаев.

Президенттің сөзінше, Ауыл шаруашылық министрлігі жерді тиімді қолдануды бастады.

«Бұл шараны логика сай тамамдау керек. 2021 жылғы Жер кодексі бойынша мороториясының аяқталуына байланысты ауыл шаруашылық жерлерін жалға беру тыйым салынады. Бұл туралы сұрақтың нүктесін қою керек. Ал шетелдіктер туралы айтсақ, жер оларға сатылмайды», – деді президент.

Мақалада қолданылған көрнекі сурет ғаламтордан алынған

Check Also

Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn’t Leave («Кете алмаймын») атты әні жарық көрді, ол Қыт…