Мемлекет басшысы «Отан қорғаушылар» ескерткішіне гүл шоғын қойып, бір минуттық үнсіздікпен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етті, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті қарауыл ротасы салтанатты сап түзеп жүріп өткеннен кейін, Қасым-Жомарт Тоқаев рәсімге қатысқан соғыс және тыл ардагерлерін мерекемен құттықтады.

Сонымен қатар, Президент барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.

«Халқымыз Ұлы жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Отандастарымыз майдан даласында ерлікпен шайқасып, олардың жартысынан жуығы елге қайтып оралмады. Жауынгерлеріміздің батырлығы мен қайтпас қайсарлығы Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік берді.

Аға буынның теңдессіз ерлігін құрметтеп, зұлмат соғыстың зардаптарын ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз», – делінген Президенттің құттықтауында.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…