Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндама жасаған қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қазіргі уақытта өзі басқарып отырған ведомствоның және Арыс қаласындағы әскери жарылыстан кейінгі атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады, – деп хабарлайды baq.kz.

Оның баяндамасынан кейін ҚР президенті ведомствоның жұмысына қанағаттанбайтынын айтып, министрге қатаң сөгіс жариялады.

«Жұмыс жүріп жатқанын көріп тұрмын. Бірақ біз қазір әскери ведомство тарапынан жүйелі жеткіліксіздік пен бақылаудың әлсіреуі салдарымен күресіп жатырмыз. Сіз Қорғаныс министрлігі жүйесінде жаңа «адамсыз», бірақ іске келгенде толық жауапкершілік сізде. Мен Жоғары қолбасшы ретінде Қорғаныс министрлігі жұмысына қанағаттанбайтынымды білдіремін. Сондықтан сізге қатаң сөгіс жариялаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Check Also

Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn’t Leave («Кете алмаймын») атты әні жарық көрді, ол Қыт…