Қостанайда Абайда көшесінде Mazda көлігінің жүргізушісі физика-математика лицейінің маңында екі қызды қаққан, – деп хабарлайды «Наша Газета» басылымына сілтеме жасап tengrinews.kz.

Бұл оқиға 10 сәуірде сағат 15:35-те болған. Қаланың ПД-ға бұл оқиға жайлы хабар түскен. Қыздардың 2007 жылғы екені хабарланды.

«Көлік жүргізушісі оқиға орнынан жасырынған жоқ. Полиция қызметкерлері одан оқиғаның мән-жайын сұрастырып жатыр», – деді Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің сөзінше, екі қыздың да миына зақым келген. Олар Қостанайдың облыстық балалар емханасына жатқызылған. Куәгерлердің сөзінше, жол-көлік оқиғасы жаяуларға жолдан өтуге рұқсат етілген жерде болған.

Check Also

Сапарбаев: Кейбір отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатамыз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мемлекеттік жәрдемақыны з…