Home Қоғам Оңтүстік Қазақстанда терроризмді насихаттаған имам сотталды
Қоғам - 31.03.2018

Оңтүстік Қазақстанда терроризмді насихаттаған имам сотталды

Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы орталық мешіттің бұрынғы бас имамы үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы Отырар хабарлады.

Қызметін атқарып жүріп терроризмді насихаттап және осындай мазмұндағы материалдарды таратып, уағыздағаны үшін Абдулрапи Рахматуллаевқа ҚР ҚК-нің 174 бабы 2-ші бөлігімен айып тағылған.

Дәл осындай сипаттағы айыптармен, яғни әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттайтын хабарламалар таратқаны үшін Сайрам ауданының тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы Дастанбек Белдімұратовқа ҚР ҚК нің 256 бабы 1 ші және 2-ші бөліктерімен айып тағылған. Ол «ВК» әлеуметтік желісі мен Ватсап телекоммуникациялық желісінде терроризмді насихаттаған.

Check Also

Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn’t Leave («Кете алмаймын») атты әні жарық көрді, ол Қыт…