Home Көзқарас Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақ тілін насихаттап жатқанымызға ешкім шамданбасын
Көзқарас - 12.04.2018

Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақ тілін насихаттап жатқанымызға ешкім шамданбасын

Бүгін Астанада «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының тұсауы кесілді. Айтулы шараға қатысқан Мемлекет басшысы жаңа кітаптарды жалпы білім беру мекемелеріне енгізіп, олардың негізінде электронды курстар дайындауды тапсырды.

Салтанатты шарада Назарбаевқа алғашқы 18 кітап таныстырылды.

«Біз қазір бізге дейін өзге де тәуелсіз елдер жасаған істі жасап жатырмыз. Әрбір мемлекет өзінің тарихын, мәдениетін, барлық құндылықтарын насихаттағысы келеді. Сондықтан біздің қазақ тілін насихаттап жатқанымызға ешкім таң қалып, шамданбай-ақ қойсын. Өйткені, қазақ халқы да бүкіл әлемге өзінің мәдениетін, тарихын көрсеткісі келеді, біз осы әлемнің бір бөлігіміз. Ал, жаңа оқулықтар жобасы гуманитарлық білімді жаңғырту, оқулықтарды жаңарту секілді маңызды міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған», – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, тұсауы кесілген оқулықтар ғылымның бірнеше саласын қамтыған, атап айтқанда, философия, әлеуметтану, психология, тілтану, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, антропология және журналистиканы үйретеді.

Источник: sn.kz

Check Also

Шыдамдылық пен ұстамдылықты балалардан үйренуіміз керек – омбудсмен Айтпаева

2019 жылы 16 мамырда Сенат депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі …