Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтанда болған митингіге қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ІІМ баспасөз қызметі жариялаған видеода 9 маусымда елордада Республика даңғылында болған митинг түсірілген. Мұның алдында 10 маусымда митинг кезінде 200 адамның полицияға жеткізілгені хабарланған болатын.

«Митингтің бірінші күні екі қалада 500 адам ұсталып, олардың 400-не айыппұл салынды. Екінші күні шамамен 200 адам полицияға жеткізілді, олардың 150-і жауапкершілікке тартылды. Бұл екі қала бойынша», – деген еді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Check Also

Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn’t Leave («Кете алмаймын») атты әні жарық көрді, ол Қыт…