Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің атынан ашылған жалған аккаунттар пайда болды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің атынан ашылған жалған аккаунттар пайда болды. Осыған байланысты, Алтай Көлгіновтің Twitter @AltayKulginov (твиттерге тіркелген уақыты 2017 жылдың қараша айы), Facebook, instagram @altay_kulginov_official әлеуметтік желілерінде ғана тіркелгенін хабарлаймыз. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік желілерді пайдаланушыларын Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жоғарыда аталған ресми аккаунтарында келтірілген ақпаратты пайдалануды сұраймыз» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, әкімдік әкімнің атынан басқа аккаунтарда орналастырылған кез келген ақпарат жалған екенін мәлімдеді. Жалған аккаунтардың пайда болуына байланысты қала әкімінің аппараты қасақана жалған ақпараттың таралуын болдырмау үшін құқық қорғау органдарына жүгінетінін хабарлады.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…