Сайт, ақпарат, агенттік, ньюсазия кз, жаңалықтар, рейтинг,
Home Басты жаңалық Newsasia.kz ақпарат агенттігі ҮЗДІКТЕР қатарында

Newsasia.kz ақпарат агенттігі ҮЗДІКТЕР қатарында

Newsasia.kz ақпарат агенттігі 2018 жылдың ортасында ғана өз жұмысын бастаған. Аз уақыттың ішінде портал еліміздегі ең оқылымды сайттардың біріне айналып үлгерді.

Ресейдің liveinternet.ru интернет порталының тәуелсіз сараптамасы нәтижесінде тәулігіне 10 мыңнан астам оқырман оқитын Newsasia.kz ақпарат агенттігі Қазақстандағы үздік 20 сайттың тізіміне енді.

Tengrinews.kz, Nur.kz, Sputnik Казахстан, Forbes Kazakhstan секілді сайттармен қатарласып, үздік 20 сайттың қатарына қосылған Newsasia.kz ақпарат агенттігі алдағы уақытта да оқырманға сапалы мақаланы дер кезінде ұсына бермек.

Сонымен қатар, Newsasia.kz ақпарат агенттігі шетелдің The New York Times, The Guardian, Bloomberg, Синьхуа секілді ірі ақпарат агенттіктерінің сараптамалық мақалаларын да қазақ тіліне тәржімалап оқырман қауымға ұсынады.

Тағы бір атап өтерлігі, Newsasia.kz ақпарат агенттігі шетелдің белді басылымдарымен іргелі қарым-қатынас орнатып, өзара ақпарат алмасу жұмыстарын да жүзеге асырады. Олардың қатарында Түркияның Adaleti Savunanlar Derneğinin, Әзербайжанның Инфотека-24 секілді басылымдары бар.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…