ҚР Президентінің телерадио кешені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың танымал актер Джеки Чанмен кездесу туралы видео материалды жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің Қытай Халық Республикасымен барлық бағыттарда үлкен байланыстарымыз бар. Осы жылдардың ішінде бір-бірімізге жақын бола түстік. Төраға Си Цзиньпин 6 жыл  бойы жұмыс істеп келеді және мен онымен 20 рет кездестім. Бізде барлық мәселе шешілген және «Бір белдеу, бір жол» бастамасын Қазақстан ең бірінші болып қолдап, барлық қажетті жағдайды жасады»,  – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Қазақстан мен Қытайдың кинематографистері бірлесіп, жұмыс істеп, өнер ұжымдары арасында тығыз байланыс орнағандығын атап өтті. Қытайдың жоғары оқу орындарында қазақ жастары білім алып жатқандығын айтты.

«Бірлескен кәсіпорындар құрылды және автомобиль, темір жол, авиациялық қатынастардың барлығы бар. Концерттік топтар, көркемөнер ұжымдары араласып тұрады. Енді өзіңізбен бірлескен кино түсірмекпіз. Өте маңызды», – деп атап өтті ҚР Тұңғыш Президенті.

Өз кезегінде Джеки Чан 2017 жылы Қазақстан елордасында өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында өткен шараларға қатысқанын айтты.

«Елге оралғаннан кейін қандай бағытта ынтымақтастықты жолға қоя алатындығымызды ұзақ ойландым.  Ал биыл бірлескен фильм түсіруге бастамашылық жасадым. Мүдделі органдардың тарапынан қолдау алатындығымызға үміттенеміз. Бұл біздің мәдениет саласындағы ынтымақтастығымыздың алғашқы қадамы болмақ»,-деді танымал актер.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…