Депутаттар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін сауық-сайранға айналдырмауды талап етті. Сондықтан 31-ші мамырда телеарналар мен радиоларда ойын-сауық бағдарламаларын шектеп, ал кафе-мейрамханалар көңіл көтеру шараларын тоқтатсын деген ұсыныс білдірді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

– Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін өткізудің бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеп, оны еліміздің жастар жылымен сабақтастыруы керек. Архивтік материалдарды еркін зерделеп, ғалымдардың архивтік құжаттарын талдауға сол жылдардағы оқиғаларды объективті әрі толық зерттеу жүргізу, – деді Мәжіліс депутаты Нұрлан Дулатбеков.

Яғни мәжілісмендер солақай саясаттың құрбаны болған арда азаматтарды толық ақтауды сұрап отыр. Ол үшін шаң басқан архивтердегі құжаттарды қайта көтеріп, ғылыми конференциялар ұйымдастырылуы қажет дейді.

Бұдан бөлек, нәубет жылдары әр облыста тұрғызылған лагерьлердің орнына орталықтар мен мұражай ашу керектігін айтты. Яғни бұл нысандар еліміздің киелі жерлерінің картасына енгізіліп, туристерді тартатын орынға айналуы қажет дейді депутатар.

Check Also

Жалақы өсіруге 144 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді

Биыл елде азаматтық қызметкерлердің жалақысын өсіруге 144 млрд теңгеден астам қаржы бөлінд…