Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға сапары барысында жұртшылықпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

«Ақтауда менің суретім бейнеленген 14 билборд ілініп тұрғанын естідім. Менің ойымша, бұл – мүлде орынсыз, мен мұндай үгіт-насихатқа мұқтаж емеспін. Мұндай әкімшілік ыждаһаттылық неменеге керек?», – деді Мемлекет басшысы кездесу барысында.

«Билбордтарды Елбасы бас болып, қол жеткізген шынайы жетістіктерімізге арнаған жөн. Мен барлық деңгейдегі әкімдерге осыны тапсырамын», – деп қатаң тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Check Also

Ақтауда кішкентай қызды көліктен итеріп құлатқан өзінің ағасы болып шықты (видео)

Ақтауда оқушы қызға дөрекілік көрсеткен ер адамның әрекеті көпшіліктің наразылығын туғызды…