Home Қоғам Қытайда мұсылмандарды бақылау үшін 170 млн камера орнатылды (ВИДЕО)
Қоғам - 27.03.2018

Қытайда мұсылмандарды бақылау үшін 170 млн камера орнатылды (ВИДЕО)

Көршілес Қытай елінде ислам дінін ұстанушы мұсылмандарға түрлі қысым көрсетіліп жатқанына міне 2 жылдың көлемі болды. Анығы қысым ондаған жылдар бойы жалғасып келеді, алайда соңғы жылдары қысым көрсету қарқыны еселеп артқан. СУАР аймағында жергілікті халықты жаппай бақылауда ұстау мақсатында миллиондаған камера орнатылған.

«Камераларды орнату барысындағы негізгі себеп діни экстремизм мен сепаратизм сынды қауіпті саяси тенденциялармен күрес деп айтылғанымен, шын мәнісінде жаппай жергілікті мұсылман халықтарын бақылауда ұстау екені анық» дейді Islam-today ақпараттық басылымы.

Аталмыш камералар орнатылғаннан кейін бүгінгі таңда мұсылман халықтары толықтай билік бақылауына өткен. Мысалы той жасау, қонақ шақыру сынды адам көп жиналатын отбасылық мерекелерге құқық қорғау орган қызметкерлері келіп, тыйым салатын жағдайлар тіркелген. Оның барлығын жергілікті билік өкілдері бақылау камералары арқылы көріп отырады екен. Миллиондаған камералардан жалт еткен қимылдың өзі анық көрінгендіктен, жергілікті биліктен ешқандай шара жасырын қалмайтыны анық.

Bloomberg басылымының мәліметі бойынша камералар жергілікті тұрғындарды толықтай бақылауда ұстап қана қоймай, олардың жүріп-тұруына да кедергі жасайды. Мысалы тұрғындар «қауіпсіздік аймағынан» 300 метр алысқа шықса, онда құқық қорғау органдарына аталмыш ақпарат тіркеліп отырады. «Қауіпсіздік аймағы» ретінде үй маңындағы және жұмыс орнындағы 300 метр аумақ саналатын көрінеді. Бүгінгі таңда 170 миллион камера орнатылған. Алдыңғы таңда тағы 400 миллион камера орнату жоспарда бар көрінеді.

Дереккөз: arhar.kz

Check Also

Сапарбаев: Кейбір отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатамыз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мемлекеттік жәрдемақыны з…