Home Қоғам Көлікті сат та, қарызыңнан құтыл: Тоқтар Әубәкіров бүйрегін сатам деген жігітке астындағы көлігін бере салған
Қоғам - 12.04.2018

Көлікті сат та, қарызыңнан құтыл: Тоқтар Әубәкіров бүйрегін сатам деген жігітке астындағы көлігін бере салған

12 сәуір Ғарышкерлер күніне орай  айтыскер Жандарбек Бұлғақов Тоқтар Әубәкіровтің жомарттығына куә болған оқиғасын айтып берді. Бұл туралы stan.kz хабарлады.

«Екі-үш жыл бұрын бір танысым қарызға кіріп, біраз қиналды. Қиналғаны сонша, Франклин атаның суреті бар көк қағаз табылмаған соң тіпті, бір бүйрегін сатпақшы да болған. Үлкеніміз бар, кішіміз бар бəріміз жабылып жүріп ол ойынан айныттық. Сол танысым бір күні маған келіп, “Тоқтар ағаның үйіне барып жағдайды айтайықшы, мені танымаса да, сені танып қалуы мүмкін ғой” деді. Жақсы деп Қарағанды трассасының бойындағы Тоқтар ағаның үйін тауып бардық. Жер үй екен. Ғарышкер ағамыз аңға шығуға қамданып кетейін деп тұрған шағы сол екен, бізді көріп жағдайды асықпай тыңдады.

Сөйтті де, “Iнiм бүйрегімді сатам деген сөзді қой, сен сұраған ақша менде де жоқ, мə мына көлікті сат та, қарызыңнан құтыл” деп темір тұлпарының кілтін қолымызға ұстатты да жіберді. Бүйрегін сатам деп тұрған жігіт те, мен де жүрегін жұлып берердей бауырмалдық танытқан ағамызға қатты риза болдық. Қиналып, қажып жүрген пендеге жылы сөздің өзі үлкен жəрдем екен ғой. Танысым жүзі жайнап, “Жоқ аға! Осы ісіңіздің өзі маған үлкен қажыр қайрат сыйлады. Бiз үшін сіз жаяу жүрмеңіз” деп көлігін өзіне қайтарды. Мен азаматтық, мәрттік, адамгершілік пен бауырмалдық дегеннің шынайы көрінісін осы кезде ғана көрдім», – деп жазады ол.

Фото: The Steppe

Check Also

Асқар Мамин: Жұмысшылардың құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу керек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлері…