Киікті қорғаймын деп қаза тапқан инспектор «Айбын» орденімен марапатталды

Мемлекет басшысы қызметтік борышын атқару кезіндегі ерлігі үшін марқұм Қаныш Нұртазинов пен Самат Оспановты мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.

***

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

І дәрежелі «Айбын» орденімен Нұртазинов Қаныш Серікұлы (марқұм) – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы;

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Оспанов Самат Қошбергенұлы – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда,

2019 жылғы 25 шілде

№ 79 

Check Also

Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn’t Leave («Кете алмаймын») атты әні жарық көрді, ол Қыт…