Home Қоғам Белгісіз жігіттер өзбек мигрантын сабап, видеоға түсіріп алған (ВИДЕО)
Қоғам - 28.03.2018

Белгісіз жігіттер өзбек мигрантын сабап, видеоға түсіріп алған (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Өзбекстаннан келген мигрантқа белгісіз біреулердің тарапынан күш қолдану фактілері бейнеленген видео тарап жатыр. Желі қолданушылары тарапынан қызу талқыланып жатқан бейне жазба UZBEK VIDEO CHANNEL Telegram-каналында жарияланды, – деп хабарлайды  newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Видеода бірнеше жігіт өзбекстандық азаматқа қоқан-лоққы көрсетіп, былапыт сөздер айтады. Тіпті, тізерлеп отырған жігітке күш қолдануға дейін барған. Оқиғаның мән-жайы белгісіз. Бұл әрекетке жігіттердің не себепті барғандығы да түсініксіз.

Желіде пікір жазушылардың көбі бұл Өзбекстаннан Қазақстанға жұмыс істеуге келген мигрант деп топшылауда.

Аталмыш видеоға қатысты «NewTimes.kz» ақпарат агенттігінің тілшілері ОҚО ІІД-не хабарласқан екен. Алайда, жергілікті полиция қызметкерлері бұл Қызылорда облысында орын алған жағдай болуы мүмкін екенін айтыпты.

Өз кезегінде Қызылорда облыстық ІІД өкілдері аталмыш фактіге қатысты тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Олардың айтуынша, аталмыш факт бойынша ІІД-не ешкім арыз түсірмеген.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер бар.

Check Also

Сапарбаев: Кейбір отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатамыз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мемлекеттік жәрдемақыны з…