Home Қоғам Қазақстанда әлеуметтік желілердің жұмыс істемей қалуының себебі анықталды
Қоғам - 31.03.2018

Қазақстанда әлеуметтік желілердің жұмыс істемей қалуының себебі анықталды

Қазақстанда Youtube, Instagram және Facebook желілерінің істен шығуы жиілеп кетті. Қазақстандықтар аталған желілерді соңғы рет жұма күні пайдалана алмаған.

Бұдан бұрын ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстанда әлеуметтік желі мен мессенджерлер жұмыс істемейтіні туралы хабарлаған болатын, деп хабарлады Sputnik Казахстан.

Бұл Мұқтар Әблязов негізін қалаған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысының экстремистік топ ретінде танылуына байланысты.

Министрлік тыйым салынған ақпараттарды тарататын шетелдің әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінің басшылығына хабарлама жіберген.

“Соған байланысты тыйым салынған материалдар өшірілуде. Сондықтан техникалық ақаулардан желілер істен шығып жатыр”, – делінген министрлік хабарламасында.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…