Home Қоғам Қарағанды облысының әкімі орысша құжат сұратуға қатаң түрде тыйым салды (ВИДЕО)
Қоғам - 29.03.2018

Қарағанды облысының әкімі орысша құжат сұратуға қатаң түрде тыйым салды (ВИДЕО)

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов орыс тілінде құжат сұратуға тыйым салды. Әлеуметтік желіде осындай тақырыппен тарап жатқан видеода әкімнің тіл саясатына қатысты айтқан өткір сөздері келтірілген, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Видео авторы отандық БАҚ таратқан ақпараттарды негізге ала отырып, Ерлан Қошановтың өңірде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту қажеттілігі туралы айтқанын алға тартты.

Еске сала кетейік, Қарағанды облыстық әкімдігінде өткен аппарат жиналысында облыс әкімі Ерлан Қошанов Тілдерді дамыту басқармасының жұмысын қатаң сынға алған болатын.

Аймақ басшысы қазақ және ағылшын тілдерін оқыту, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу жұмыстарын қажетті деңгейде ұйымдастырмай отырған мекемелер мен өңірлерге қатысты шара қолдануды тапсырды.

Сонымен қатар Ерлан Қошанов мемлекеттік басылымдарда қазақ тілінде шығатын контенттің үлесін ұлғайту әкімдердің міндеті екенін айтты: «Сондықтан да жоспарлы түрде кезең-кезеңмен қазақ тілдегі материалдар көлемін арттыру мәселесін шешу керек».

Облыс әкімінің дерегінше, мемлекеттік бағдарламада көрсетілген «Мемлекеттік БАҚ-тағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі» нысаналы индикаторына облыс бойынша қол жеткізілгенімен, Шахтинск, Балқаш, Қарағанды, Жезқазған, Қаражал, Приозерск, Сәтбаев қалалары мен Осакаровка және Нұра аудандары жоспарланған индикатор әлі жоқ.

Check Also

Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn’t Leave («Кете алмаймын») атты әні жарық көрді, ол Қыт…