Әйгілі Илон Маск Қазақстанда қуаттау бекеттерін биыл ашуды жоспарлауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тesla-ның суперчарджер мен қызметтік орталықтары Қазақстанда биыл пайда болады», – деп жазды Илон Маск.

Еске сала кетсек, осы жылдың наурыз айының ортасында Tesla Motors компаниясының басшысы Илон Маск Қазақстанда Tesla электромобильдеріне арналған қуаттау бекеттері ашылатынын айтқан болатын.

«Қазақстанда өте жақсы қолдау білдіріп жатыр. Онда да Supercharger орнатамыз деп ойлаймын», – дейді Илон Маск.

Check Also

Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn’t Leave («Кете алмаймын») атты әні жарық көрді, ол Қыт…