Ерке Есмаханның 2017 жылы жарыққа шығарған «Қайда» атты бейнебаяны 95 миллион қаралым жинаған. Клипінің 100 миллионға жуық тамашаланғанын айтқан әнші Insta-stories-те тыңдармандарына алғыс білдірді деп жазады nur.kz.

Әнші ашық-шашық бейнебаян түсірмей-ақ миллиондап көрсетілім жинағанын мақтаныш еткен.

«Шешінбей-ақ осындаймын. Шешінсем не болады? Тыңдармандарым менің, жақсы көремін сіздерді! Рахмет сіздерге», – деп жазды әнші.

Айта кетейік, Ерке Есмаханның «Қайда» бейнебаяны 2017 жылдың маусымында жариялаған. Қазіргі уақытта клиптің қаралымы 95 миллион 550 мыңға жеткен.

Check Also

Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn’t Leave («Кете алмаймын») атты әні жарық көрді, ол Қыт…