Мәскеудегі Мемлекеттік дума ғимаратында адамның мәйіті табылды.

Қайтыс болған адам депутат Николай Ковалевтың 62-жасар көмекшісі Сергей Шамарин болып шықты, деп хабарлады Life порталы Mash Телеграм-каналына сілтеме жасап. Алдын-ала болжам бойынша, ер адам тромбтың үзілуі салдарынан қайтыс болған.

Еске сала кетейік, сәуірдің 5-і күні Мемлекеттік дума депутаты, ФСБ-ның экс-басшысы Николай Ковалевтың өзі қайтыс болған.

Check Also

Сапарбаев: Кейбір отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатамыз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мемлекеттік жәрдемақыны з…