Home Қоғам Comedy Club әртісі қазақстандық бай төрт әйелдің көңілін қалай көтергенін айтып берді (ВИДЕО)
Қоғам - 06.09.2018

Comedy Club әртісі қазақстандық бай төрт әйелдің көңілін қалай көтергенін айтып берді (ВИДЕО)

Comedy Club әртісі әрі ТНТ арнасындағы Stand Up шоу бағдарламасының жүргізушісі Руслан Белый өзінің бір сұхбатында қазақстандық төрт байшыкеш әйелдің көңілін қалай көтергені туралы айтып берді, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Әртістің айтуынша, бұл оқиға Жерорта теңізінің Сардиния аралында орын алған.

– Біз музыканттармен бірге төрт палубалы яхтада өнер көрсеттік. Бізді ол жерге моторлы қайықпен алып келді. «Аяқ киіміңді шеш!» деп бұйырды. Палубаның едені біздің өмірімізден де қымбат шығар. Ондағы демалушылар Қазақстандық  төрт әйел еді. Жасы келген әйелдер. Мен стендап орындап, музыканттар ән айтуы тиіс болатын, – деп еске алады Белый.

Алайда корпоратив ұзақ басталмай жатты. «Мен ұйымдастырушылардан «Не боп жатыр?» деп сұрадым. Сөйтсем, тапсырыс беруші төрт әйел еңіреп жылап отыр екен. Туған күн кешінде адам жылай ма деп таң қалдық».

– Олар дастарханға жайғасып, Лондонда жүрген өз күйеулерін ойлап көңілдері түскен секілді, өмірлері көңілсіз көрінді ме екен… Екі сағаттан кейін олар жоғарыға көтерілді, мен әзілдерімді айтып, диджей музыка қосты. Төрт байшыкеш әйел музыкаға еліріп билей бастады, – деді әртіс.

Қазақстындық төрт әйел туралы айтқан сөзін видеоның 21:10 минутынан бастап тыңдай аласыздар.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…