Алматы қаласының Ардагерлер кеңесі алдағы 9 мамырда соғыс майданында шейіт болғандарға тағзым ету мақсатында өтетін Жеңіс күнінде саяси астары бар митингілер өткізу мәселесіне алаңдап отыр, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Біз естіп-біліп отырмыз. Бізге бейбіт өмір сыйлаған Қасиетті Жеңіс күнінде әлдебіреулер халықты митингке шақырып, ел-жұртты дүрліктіруде. Бұл не деген бассыздық. бұл не деген ата-баба рухын қорлау, сыйламағандық. Халқымызда, қазақта мұндай надандық ешқашан болған емес. Біздің барлық арандатушыларға айтарымыз біреу. Біз батыр бабаларымыздың қанымен келген қасиетті жеңіс күнін, ардагерлердің рухына тағзым ету күнін саяси мәселе алаңына айналдыруға жол бермейміз. Барлық азаматтарды жеңіс күнінде бос байбалам салатындарға ермей ұлы жеңістің 74 жылдығын ел болып атап өтуге шақырамыз. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына 9 мамырда жер-жерлерде өтетін мерекелік шараларда азаматтардың қауіпсіздігін сақтауды талап етеміз!», – деді Алматы қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. Шайхутдинов.

Көрнекі сурет Kapital.kz сайтынан алынды

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…