Филиппиндік блогер Кит Таленс желіге әкесінің өлімін жүктеп, сынның астында қалды. Бүгінгі күні Youtube сайтындағы видео 5 миллионнан аса қаралым жинаған, деп жазады Stan.kz.

Видеоның басында әкесінің қайтыс болғанын білмейтін блогер жанұясымен бірге көлікте келе жатқанын көруге болады. Жанұя мүшелері әке күніне арнайы жасаған тосынсыйларын талқылайды. Бірнеше минуттан кейін көлік ішіндегі адамдардың баяндамасы кенеттен үзіліп кетеді.

Камераға Таленстің әкесінің мәйітін құшақтап, шыңғырып жылағаны түсірілген. Блогердің сөзінше, әкесі жүрек талмасынан қайтыс болған. Таленске мұны өгейшешесі хабарлаған.

Әлеуметтік желі қолданушылары жігітке қайғырып көңіл айтты. Алайда, Таленстің іс-әрекетін, әкесінің өлімін көпшілікке көрсеткені үшін сынағандардың саны көп болды.

«Жақын адамның өлімінен контент жасау керек пе еді?» «Өз әкесінің мәйітін көрсету — құрметсіздік. Видеоның сол жерін кесіп тастауға да болатын еді» , — деп жазды олар.

Таленс видеоға пікір қалдыру мүмкіндігін өшіріп тастап, хейтердің алдында ақталу үшін тағы да бір видео түсірген. Ол әкесінің өлі екенін білгенде, видео түсірмейтінін айтты.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…