Маңғыстау облысы Басқұдық ауылының жолын жаңбыр шайып кетті. Әлеуметтік желіде балалардың мектепке батпақты жолмен баруға мәжбүр болып отырған видеосы тарап кетті. Биліктің араласуын күтпестен аудан тұрғындары жолды өздері жөндеуге кірісті.

Бұл туралы newsasia.kz ақпарат агенттігі «Лада» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басқұдық тұрғыны Мейірбек Тұрмамедов ауыл тұрғындары бірнеше жылдан бері жолды өз күштерімен жөндеп жүргендерін айтты.

– Барлығымыз 10 мың теңгеден жиналамыз. Біз 10-12 адамбыз. Әкімдік жол жағдайына назар аудармайды. Балалар мектепке осы лай-батпақ жолмен баруға мәжбүр. Осымен алтыншы жыл жолды өз күшімізбен жөндеп келеміз. Осы жолы Бәйтерек көшесі бойындағы жолды жөндеп жатырмыз, – деді Мейірбек.

Еске сала кетейік, жақында ғана Маңғыстау облысында іс-сапармен болған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Бюджетті таусылмайтын қазына ретінде көретін әкімдерді» сынға алған болатын.


ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР:


Check Also

Сапарбаев: Кейбір отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатамыз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мемлекеттік жәрдемақыны з…