Home Көзқарас Билік «сексеуілді сексеуілге ұрып сындыру» саясатын қолдануда – қоғам белсендісі
Көзқарас - 29.03.2018

Билік «сексеуілді сексеуілге ұрып сындыру» саясатын қолдануда – қоғам белсендісі

 

Соңғы кездері биліктегілер «сексеуілді сексеуілге ұрып сындыру» саясатын таңдады. Ондағы мақсат, халықтың сөзін сөйлеп жүрген елге белгілі азаматтардың аяғынан шалап, сағын сындыру үшін қолдан «оппозиция» жасап, соны қарсы пайдалану. Күні кешеге дейін биліктің отымен кіріп, күлімен шығып, солардың сойылын соғып жүрген шенеуініктер, бір күнде кенеттен қоғамның белсендісіне айналып шыға келеді.

Әлгі «батыр» халықтың назарын өзіне аудару үшін әкімдерді, оның партиясын, тіпті кейде Елбасын да сынай бастайды. Халықтың көкейінде көптен жүрген өзекті мәселелерді көтерген болады, әуелі ел таңқалып сенбей қарағанмен әлгі «оппазициянердің» жазғандарына ел риза болып оны қолдай бастайды. 

Кейде әлгілер биліктен қысым көріп жатқан киіпке де енеді. Осылайша халықтың сеніміне еніп, жұрттың назарын өзіне аударған кезінде, қожайындар көздеген адамына қарсы айтақтайды. 

Әлгі қолдан жасалған белсенді ел азаматтарына әлеуметтік желі арқылы ұрынып сынай бастайды.
Сен әлгіге жауап жассаң үлкен дау басталады. Қожайындардың әу баста күткендері де, сол болатын.
Ол кезде кенеттен бір «данышпан» бала шыға келіп; «Ау ағалар бұларың не, бір-біріңмен дауласып, бір ауылдың азаматтары емессіңдер ме, елден ұялмайсыңдар ма?» деп ақылгөйсейді.
Саясаттан көп хабары жоқ адамдар бұған сеніп қалады. 

Билік сол арқылы халықтың назары басқа жаққа аударады. Елдің сөзін сөйлеп жүрген өз азаматтарына деген сеніміне сызат түсіреді. 

Бұл «сексеуілді сексеуілге ұрып сындыру тәсілі» деп аталады. 

Бұл тәсілді кешегі кеңес заманында көп пайдаланды. Сол тәсіл бізге де келіп жетті. 

Енді қазақтың белгілі азаматтары да, бір-бірімен «шайқасып» жатырса таң қалмаңдар. Сондықтан да, толық біліп алмай саясаттың сойылы болып кетуден сақ болайық ағайын!.

Жәнібек Қожық

Фейсбуктағы парақшасынан

 

Check Also

Жалақы өсіруге 144 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді

Биыл елде азаматтық қызметкерлердің жалақысын өсіруге 144 млрд теңгеден астам қаржы бөлінд…