Home Қоғам Билік өкілін қорлағаны үшін “Қарағанды аруының” үстінен қылмыстық іс қозғалды
Қоғам - 13.04.2018

Билік өкілін қорлағаны үшін “Қарағанды аруының” үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Қарағанды аруы-2015» атанған Рената Нұрғазинаның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бойжеткен билік өкілін қорлағаны үшін айыпталып отыр.

Бұл туралы Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Рената Нұрғазиның үстінен «Билік өкілін қорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр», – деп хабарланды ІІД-ден.

Бұған дейін желіде 8 наурыз күні жол полициясының құрығына түскенін айтып, желіде видео жариялаған еді. «Достар, сенесіздер ме, мені 8 наурыз күні полиция тоқтатты», – деген болатын Нұрғазина.

Бойжеткен аталған кадрдың тұсына бейәдеп сөз жазып қалдырған. Қылмыстық іс аталған жайтқа байланысты қозғалған көрінеді.

Бойжеткеннің айтуынша, желідегі оқырмандардың бірі осы жазбасын ІІМ-ге жіберіп, шағымданған. Бұл туралы Ренатаның өзі желіде тікелей эфир кезінде айтып берді.

“Енді ешқашан желіге ондай нәрсе салмаймын. Жалпы мен балағат сөздерін қолданатын қыз емеспін. Бұл алғаш рет айтуым. Бірақ әлгі қызға не істегенімді білмеймін. Мен оған ешқандай жаманшылық жасамадым”, – дейді Нұрғазина.

Check Also

Сапарбаев: Кейбір отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатамыз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мемлекеттік жәрдемақыны з…